ТЕГІН КАЗАКША МАСТЕР КЛАСС. Банановый торт рецепт. Казакша рецепт.Бисквит көтерілуі үшін кеңестерім.

5 Просмотры
Издатель
Бұл тортты өзім мастер классқа қатысып, үйренген болатынмын! Сіздер үшін ТОЛЫҚ әрі ТҮСІНІКТІ видеоны ТЕГІН жүктеп отырмын! Міндетті түрде дайындаңыз!


ҚАЖЕТТІ ИНГРЕДИЕНТТЕР:

БАНАНДЫ БИСКВИТ ҮШІН:
-Жұмыртқа- 4 шт (ақуызы мен сарыуызын бөлек-бөлек ажыратамыз)
-Қант- 140 гр
-Сұйық май (күнбағыс майы)- 70 мл
-Салқын су- 60 мл
-Банан- 150 гр (2-3 шт)
-Ұн- 180 гр
-Қопсытқыш (разрыхлитель)- 10 гр

КРЕМ ҮШІН ҚАЖЕТ:
-Сливки (33% жоғары)- 400 мл
-Ақ сгущенка- 200 мл
-Қант н/е қант ұнтағы- 100 гр

НАЧИНКА ҮШІН ҚАЖЕТ:
-Банан- 2-3 шт

Видеода жасалу жолы толық түсіндірілген.

Торттың диаметрін 22-24 етіп жасасаңыз болады. (Менде-22 см)

Бисквит салатын ыдысыңызды алдын ала өлшеп алып, сосын соңынан бәрі дайын болғанда, сол ыдыстың мөлшерін азайтасыз, сонда таза бисквит мөлшерін білесіз. Сосын сол мөлшерді 3-ке бөліп, есептеп, 3 коржды 3 бөлек нақты мөлшерде бірдей пісіріп аласыз!

Мысалы: менің ыдысым-120 гр, ыдыс пен бисквитті соңынан өлшегенде 920 гр болды, сол 920 дан азайтамыз 120-ны, (920-120=800) 800 гр шықты. Сол 800-ді 3 ке бөлесіз, (800:3=265), 265 шықты.

Мен әрбір коржға 265 гр масса құйып, оларды біп-бірдей мөлшерде пісіріп алдым. Егер олай бөлгіңіз келмесе, онда барлық бисквиттік массаны формаға бір құйып, піскен соң, 3-ке бөліп, кессеңіз де болады!

ӘРБІР КОРЖДЫ 180С ҚЫЗЫП ТҰРҒАН ПЕШТЕ 15-20 минут пісіресіз.

Түсінбеген жерлеріңіз болса, төменде пікірде сұрақ қойсаңыз болады! Бәріне жауап беруге тырысамын
Категория
Рецепты вин
Комментариев нет.